Семей. 8 тамыз. 7kun.kz - Семей қаласында қоғамдық көлікте жолақы қымбаттады. Бұл туралы Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қаладағы жол жүру ақысы 60 теңгеден 80 теңгеге көтерілді. 7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар және 70 жастан жоғары зейнеткерлер бұдан былай бұрынғы 30 теңгенің орнына 40 теңге төлейді. Жолаушы тасымалдаушылар соңғы үш жыл бойы талап етіп келген тарифті көтерудің қажет екендігін дәлелдеді. Шешімнің соңғы нұсқасын қалалық мәслихаттың барлық депутаттары қолдады. Семей қаласы тасымалдаушыларының қоғамдық көліктердегі тарифті көтеру туралы ұсынысына орай өңірдің атқарушы билігі қоғамдық көліктердегі қызмет сапасының жақсартылуын талап етті. Өйткені, таяуда ғана Семей қаласында тасымалдаушылардың бірімен келісімшарт бұзылған болатын.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024