Семей. 12 тамыз. 7kun.kz - Семей әуежайының ұшу-қону жолағын су шайып кетуіне байланысты Семейде барлық әуе рейстері тоқтатылды. Бұл туралы Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Семей әуежайында бетонжы ұшу-қону жолағына жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Уақытша жолды жаңбыр шайып кетті. Сол себепті бүгін барлық әуе рейстері тоқтатылды.
"Мұндай жағдайлар жауын-шашын грунтты әуе жолақтарын шайып кеткен кезде болып тұрады. Бұл - қарапайым жағдай. Жол кепкен соң, жұмыс жалғасады", - деп атап өтті әуежайдағылар.