"Білесіздер, әр кезеңнің өз талабы болады. Келімбетов Ұлттық банк басшысы қызметі кезінде өз міндетін орындады деп білемін. Ол экономиканы жақсы білетін, еліміздегі экономика саласындағы көптеген қызметтерден өткен кәсіпқой. Мен бұл жерде болжам жасағым келмейді", -деді Асқар Бейсенбаев. Сондай-ақ ол жаңа төраға Данияр Ақышевтың да біліктілігін атап өтті.
"Мен Ақышев мырзаны Ұлттық банк жүйесінде ұзақ уақыт жұмыс істеген, барлық сатыдан өткен, экономика проблемаларын ішінен білетін кәсіпқой адам деп есептеймін. Оның соңғы уақытта ҚР Президент Әкімшілігін де жұмыс істеп, әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімін басқаруы жақсы артықшылық. Ол экономиканың өзекті мәселелерін біледі және шеше алады деп сенемін",- деді сенатор.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024