Алматы. 16 ақпан. 7kun.kz – Бүгін Сенат депутаттары Павлодар әуежайына қазақтың танымал ғалымының есімін беруді ұсынды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Сенаттың әлеуметтік мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына орай Үкімет басшысының атына сауалхат жолдап, Павлодар әуежайына академик Қаныш Сәтбаев есімін беруді ұсынды.
Сондай-ақ депутат Алтынбек Нұхұлы тұңғыш қазақстандық академиктің толық 10 томдық және 5 томдық академиялық жинағын дайындап, басып шығару және екі тілде толықтырылған және қайта өңделген энциклопедияны қайта шығару қажеттілігін айтты.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024