Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов 10 жылға сотталды. Қарағандының ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты осындай шешім шығарды. С.Ахметовтың мүлкі тәркіленіп, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді. Бұл туралы сот залынан vlast.kz хабарлады. Сайт тілшісінің жазуынша қазіргі кезде үкім оқылуда.
Tengrinews.kz сайтының хабарлауынша Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев бес жылға, Қарағанды қаласының экс-әкімі Мейрам Смағұлов үш жылға сотталған.
informburo.kz сайты Қарағанды облысының әкімінің бұрынғы орынбасары Ғабит Мұхамбетов үш жылға, Қарағандының жер қатнастары бөлімінің экс-бастығы Ернар Дәрібеков үш жылға, "Металлургия және мателл өңдеу" Индустриалдық паркінің экс-директоры Анатолий Эссе жеті жылға, оның орынбасары Оразалы Айменбетов үш жарым жылға сотталған.
Қарағанды әкімінің экс-орынбасары Айдар Телғаринге төрт, "ҚазАгро" ҰК" АҚ-ның бұрынғы басқарма төрағасы Дулат Айжановқа үш жылға жаза кескен.
Алты сотталушы: жер қатнастары бөлімі бастығының бұрынғы орынбасары Марлен Шалтақов, премьер-министр кеңсесі канцелариясы жетекшісінің бұрынғы орынбасары Ғабит Матаев, ТКШ бөлімінің бұрынғы бастығы Айдос Жакенов, архитектура және қала құрылысы бөлімінің қызметкерлері болған Бахтыгүл Асқарова мен Қанат Мұсаев бір жарым жылдан үш жылға дейін шартты жаза алады.
"Қазагрофинанс" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болған Гумар Рахымжанов, "Қазақстанның өнеркәсіптік компаниясы" ЖШС директорының экс-орынбасары Әлжан Ақмолдаев пен алматылық бизнесмен Думан Нұрбаев қылмыстық жазадан босатылды.
Испаниялық RufepaTecnoagroSL компаниясының Орталық Азия бойынша сату жөніндегі менеджері Камила Пірәлиева 1 млн 600 мың теңге айыппұл төлейтін болды.
Сот сонымен қатар Серік Ахметов пен Бауыржан Әбдішевке 800 мың теңге, Мейрам Смағұловқа миллион теңгеден астам соманы мемлекет пайдасына өндіру туралы шешім шығарды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024