Алматы. 6 қыркүйек. 7kun.kz — Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов 21 қыркүйекте түрмеден шығады. Бұл туралы 31 арна хабарлады.
Ахметов жазасының қалған мерзімін (4 жыл 26 күн) өз үйінде өткізеді. Ол Қарағанды қаласында тіркелген. Түрмеден шыққаннан кейін осы үйінде болуы тиіс.
Еске салайық, Серік Ахметов 2015 жылдың желтоқсан айында 10 жылға бас бостандығынан айырылып, дүние-мүлкі тәркіленген болатын. Оны "заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты" және "өкілетін асыра қолданды" деп айыптап, 10 жылға соттаған. 5 жыл мемлекеттік қызметпен айналысуына тыйым салған. 2016 жылы наурызда апелляциялық инстанция Серік Ахметовтің жазасын 10 жылдан 8 жылға азайтқан.
Айгүл Хожантаева
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024