Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Серік Ахметовтің ісі сотқа жіберілді

Серік Ахметовтің ісі сотқа жіберілді

Қарағанды. 13 шілде. 7kun.kz - Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовке, сонымен қатар, Қарағанды облыстық әкімдігінің бірқатар лауазымды тұлғасына қатысты іс сотқа жіберілді деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің берген мәліметіне сүйенсек, Қарағанды облыстық прокуратурасы бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовке, облыстың экс-әкімі Бауыржан Әбдішевке, Қарағандының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұловқа, сонымен қатар, облыстық әкімдіктің бірқатар лауазымды тұлғалары мен коммерциялық ұйымның қызметкерлеріне (барлығы 21 адам) қатысты қызметті асыра пайдалану, бюджет қаржысын жымқыру және кәсіпкерлік қызметке заңсыз жолмен араласу айыптары бойынша қозғалған қылмыстық іс материалдарын зерттеуді аяқтады.

Сондай-ақ, Серік Ахметов ірі көлемде пара алды деп айыпталып отыр.

"2015 жылғы 13 шілдеде жоғарыда аталған адамдарға қатысты қылмыстық іс мәні бойынша қаралуы үшін Қарағанды облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды. Айыпталушылар сотқа берілді", - делінген прокуратураның хабарламасында.

Серік Ахметов 2014 жылы қарашада қамауға алынды. Осыдан кейін қамау мерзімі ұзартылған болатын.

Похожие материалы