Серік Святов ҚТЖ директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры қызметінен кетті
Алматы. 25 маусым. 7kun.kz – Серік Святов «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры қызметінен кетті.
Серік Святов 1954 жылы 15 маусымда Павлодар облысы Краснокутск ауданының Краснокутск ауылында дүниеге келген.
1976 жылы М. В. Ломоносов Мәскеу мемлекеттік университетін
«Экономист» мамандығы бойынша бітірген, ҚазССР ҒА Экономика институтының аспиранты, экономика ғылымдарының докторы.
1976 жылдан 1986 жылға дейін - ғылыми-педагогикалық қызметте болған.
1986 жылдан 1991 жылға дейін - Қазақстанның Коммунистік партиясы Алматы облыстық комитетінің экономика бөлімінің нұсқаушысы, кеңесшісі; консультант, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің экономикалық бөлімінің меңгерушісі; Қазақ КСР Президентінің Кеңесі мен Министрлер кабинетінің кеңесшісі.
1991 жылдан бастап 1997 жылға дейін - Қазақстанның жетекші коммерциялық банктерінде басқарма төрағасының бірінші орынбасары.
1997 жылдан бастап 2002 жылға дейін - «АТФБанк» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары.
2002 жылдан бастап 2004 жылға дейін - «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары.
2004 жылдан бастап 2006 жылға дейін - «АТФБанк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
2006 жылдан бастап 2012 жылдың маусым айына дейін - Т.Рысқұлов атындағы «Қазақстан экономикалық университеті» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
2012 жылдың маусым айынан бастап - Т.Рысқұлов атындағы «Қазақстан экономикалық университеті» АҚ ректоры.
2014 жылдың 30 желтоқсаннан бастап - «ForteBank» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
2016 жылдың тамызынан 2019 жылдың 25 маусымына дейін - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ тәуелсіз директоры.