Алматы. 7 шілде. 7kun.kz – Астана әкімі Әсет Исекешев алынып тасталған ескі үйлердің иелеріне берілетін соманың неліктен әр түрлі екенін айтты. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады.
«Заңға сәйкес үйдің кадастрлық құны беріледі. Одан кейін сотқа беріп, сот соманы түзетеді де мемлекет үстемесін өтейді. Мұнан өзге де мысалдар жетеді. Инвестор базар салды. Ол үшін 6-7 үй алынып тасталып, иелері өтемақыларын алды. Тек бір үй иесі қалып қойды. Оның мүлкінің шартты түрде бағасы 3 млн доллар тұратындығын айтып, отырып алды. Қазір ол үй базар алаңының ортасында қалып қойды», - деп атап өтті Астана әкімі.
«Қала жылдам өскен кезде, жолдар салынғанда саяжайлар қажеттілік үшін сот билігі арқылы да сатып алынады. Онан басқа жолы жоқ. Мәселен, жаңа вокзал салынды, оған жол қажет. Мұндай жағдайда не істеуіміз керек? Жалғыз жол сатып алу, ал дауларды сот органдары арқылы шешу», - деді Әсет Исекешев.
Оның айтуынша, жер мәселесінде билік пен халық арасындағы қарым-қатынас тек сотпен реттеледі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024