Алматы. 4 желтоқсан. 7kun.kz — Асет Мағауов «Kazenergy» Қазақстан мұнайгаз және энергетикалық компаниялар қауымдастығының бас директоры болып тағайындалды. Бұйрыққа «Kazenergy» қауымдастығының төрағасы Тимур Құлыбаев қол қойды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
1994 жылдан бастап 1998 жылға дейін «Теңізмұнайгаз» Өндіріс бөлімінің экономисті, бастықтың орынбасары болды.
1998 жылдан бастап 2001 жылға дейін Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігінде жұмыс істеді.
2001 жылдан 2002 жылға дейін - «Қазақойл» ҰМК ЖАҚ «Теңіз» жобасының бас менеджері, «Мұнай және газ тасымалдау» ҰК »АҚ сервистік жобалар департаменті директорының орынбасары.
2002 жылдан бастап 2004 жылға дейін - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ТШО-дағы үлесті басқарушы директордың орынбасары, бөлім бастығы.
2004 жылдан бастап 2006 жылға дейін - «Теңізшевройл» ЖШС бас директорының орынбасары.
2006-2008 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бірлескен кәсіпорнында акцияларды басқару жөніндегі басқарушы директор.
2008-2010 жылдары - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі.
2011 жылы Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі.
2011-2012 жылдары - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры.
2012 жылдан 2016 жылға дейін - KazEnergy қауымдастығының бас директоры.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024