Алматы. 3 мамыр. 7kun.kz — 2019 жылдың І тоқсанында Қазақстанда 7,4 мың қызметкер жұмысынан айырылды. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитеті хабарлады.
2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда қызметкерлердің қысқаруына байланысты жұмыстан шыққандардың саны шамамен 1,9 есе өсті. Өткен жылы 3,9 мың адам жұмыстан шығарылды.
Бұл ретте компаниялардың таратылуына байланысты ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында 1,7 мың адам жұмыстан айырылды. Ал бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 1,3 мың адамды құрады.
Статистика комитеті хабарлағандай, 2019 жылдың үш айында қазақстандық компаниялар 188,3 мың адамды, ал 2018 жылдың І тоқсанында 177,6 мың адамды жалдады. Осы кезеңде 191,5 мың адам (2019 жылдың І тоқсаны) және 12,3 мың адам (2018 жылдың І тоқсаны) жұмыстан босатылды.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024