Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Үш жылдан кейін ірі қара мал саны 9 млн басқа жетеді

Үш жылдан кейін ірі қара мал саны 9 млн басқа жетеді

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің сөзінше, алдағы уақытта егіс алаңдары ұлғайтылып, мал басы көбейтіледі, деп хабарлайды 7kun.kz.

 Бұл өнім өндірісі көлемін арттыру үшін атқарылады.

"Мәселен, үш жыл ішінде майлы дақылдар алаңдарын үш млн гектардан 3,5 млн гектарға дейін, картоп алаңдарын 200 мың гектардан 215 мың гектарға дейін, жемдік дақылдарын 3,6 млн гектардан 4,2 млн гектарға дейін ұлғайту жолымен өсімдік шаруашылығында әртараптандыру жүргізілетін болады. Сондай-ақ үш жыл ішінде ірі қара мал басы тоғыз млн басқа дейін, ұсақ мал 20,1 млн басқа дейін, жылқы басы төрт млн басқа дейін ұлғайтылады", – дедді министр.

Сонымен қатар министр картоп, көкөніс пен жеміс сақтау жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру 2022 жылы сақтау қуатын 98,3 мың тоннаға, 2023 жылы – 104,5 мың тоннаға, 2024 жылы – 19,6 мың тоннаға арттыруға мүмкіндік бередтіндігін айтты

Похожие материалы