Алматы. 16-қараша. 7kun.kz - Қазақстанның аймақтарында заңды тұлға ретінде жеке кәсіп ашуға сұраныс артқан.Тоғыз ай ішінде шағын кәсіптің көлемі 17-мыңға өссе, жалпы тіркелген шағын кәсіпорындар саны - 314,3 мың. Бұл туралы ranking.kz ақпарат агенттігі хабарлады.
Іскерлік белсенділік Шығыс Қазақстан облысында байқалады. Яғни жыл басынан шағын бизнес секторында тіркелген заңды тұлғалардың саны 25%-ға артты. Корпоративтік бизнес орталықтары Алматыда 5,3 %-ға, Астана 8,5%-ға өсті.
Ал мемлекеттік сектор бизнес инфрақұрылымын дамыту қарқынын арттырды. Мысалы, ақпан айында Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау әдістемесі іске қосылды. Бұл арқылы ЖШС ретінде электронды үкімет порталында тіркелуге 30 минут уақыт кетеді.
Маусым айында кәсіпкерлік бастамаларды қолдау шаралары көбейді. Оның мақсаты – оптимистік бизнес дебютанттарды нарықтағы қатаң жүйеге дайындау. Статистика мәліметі бойынша тіркелген әрбір екінші кәсіпорынның жұмысы ұзаққа бармайды. Себебі соңғы екі жылда жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың үлесі тіркелгендерден төмен болған.
Сондай-ақ, «Даму» қоры мен халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы (ХҚКО) бизнес жоспарларын құру, бизнесті жүргізу үшін маркетингтік қызметтер пакетін тегін алуға болады. Кәсіпкерлер компаниясының тіркелгеніне 36 ай өткеннен кейін «Даму-Блиц» кредиттік технологиясы бойынша қарыз ала алады. Мысалы «Микро-Старт Кредит» арқылы 20 млн теңге сомадасындағы кредитті 84 айға рәсімдей алады. Кредит мүлік кепілдігі арқылы беріледі. Егер кепілдік болмаған жағдайда жас кәсіпкерлер Даму қорының кепілдігін пайдалана алады.
Жадыра Бағашар "7"
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024