Алматы. 13 наурыз. 7kun.kz - Енді еліміздегі шағын және орта бизнес өкілдерін тексеру 40 пайызға азаяды. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі Жамбыл Сұрағанов мәлімдеді.
Оның айтуынша, былтыр ведомство 76 мың тексеру жүргізсе, биыл бұл көрсеткішті 46 мыңға дейін кеміту жоспарда тұр. Ол үшін комитет бұған дейін атқарылған жұмыстарды зерттеп, ешқандай нәтиже бермеген тексерістерді тоқтату туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ ведомство барлық кәсіпкерлерге заман талабына сай құрал-жабдықтарды қолданып, мәліметтерді электронды түрде жіберу керектігін ескертті.
"Біз барлық экспорттаушыларға электронды есепшот фактурасын қолдануға кеңес береміз. Ол арқылы кәсіпкерлерге ҚҚС (қосымша құн салығын) қайтару мерзімі қысқартылады. Сонымен қатар шағын және орта бизнес өкілдерінің барлық қажетті мәліметтерді онлайн түрінде жіберетін бақылау кассалық аппараттарын сатып алғаны жөн. Сонда мемлекеттік кірістер комитеті бұл азаматтардың кәсібіне қатысты рейд жүргізбейді", - дейді қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі Жамбыл Сұрағанов.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024