Қазақстан Республикасының үкіметі ЕҚҚДБ-ның шағын және орта бизнестің дамуын қолдауға арналған бағдарламасы үшін 41 млн. еуро бөлді деп хабарлайды Kapital.kz Еуропалық Қайта құру және Даму банкіне сілтеме жасап.
"ЕҚҚДБ және Қазақстан Республикасының үкіметі жалпы сомасы 41 млн. еуро болатын 3 келісімге қол қойды. Жобалар шағын және орта бизнеске консультациялық көмек көрсетуге, техникалық қолдауға және әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға арналады", - деп жазады қаржы ұйымы. Олардың ішінде 22 млн. еуроны Ұлттық экономика министрлігі ЕҚҚДБ-ның шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасын 5 жылға дейін созу үшін бөлді. Жоба аясында 850 кәсіпорынды қамтып, 500 бизнес иесіне салалық тренинг өткізіп, нарықты дамыту аясында 250 консультанттың кәсіби біліктілігін арттыру көзделген. Техникалық әрекет ету туралы ортақ келісімнің аясында 11,5 млн. еуро бағытталады. Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігін арттыру үшін 8,2 млн. доллар бөлінді. "Қазақстан техникалық көмек үшін қаржы салып отырған аз ғана елдердің бірі. Жалпы сомасы 29,4 млн. еуро болатын келісім консалтингтік қызмет нарығын және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту үшін қолданылады. Бұл жоба ЕҚҚДБ-ның шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасы аясында ел үкіметінің салып отырған ең үлкен инвестциялардың бірі болды", - деді ЕҚҚДБ-ның Қазақстандағы директоры Джанет Хекман. 2013 жылы Қазақстан ЕҚҚДБ-ның шағын бизнесті қолдауға арналған бағдарламасын қаржыландырған ең бірінші ел болған еді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024