Алматы. 5 маусым. 7kun.kz – Өнеркәсіптік өнімдерге өндіруші кәсіпорындардың бағасы ағымдағы жылғы бес айда 4,8%-ға жоғарылады, - деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.
Бағаның кен өндіру өнеркәсібінде - 7,4%, өңдеу өнеркәсібінде 3,4% жоғарылауы байқалды. Өнеркәсіптік өнімдер 5,3%-ға қымбаттады, өнеркәсіптік сипаттағы көрсетілетін қызметтер 0,1% арзандады.
Жыл басынан бергі кезеңде өндіруші кәсіпорындар бағасы металл кендеріне - 14,2%, көмірге - 10%, сұйытылған пропан және бутанға - 8,9%, мұнайға - 7,3%, табиғи газға - 2%, дизель отынына 1,5%-ға жоғарылады, олардың бензинге - 12,1%, мазутқа 1,8%-ға төмендеді.
Бағаның мырышқа - 10,8%, мысқа - 6,6%, асыл металдарға - 7,9%, қорғасынға - 2,8%, ферроқорытпаларға 1,2%-ға жоғарылауы, олардың қара металдар илегіне - 1,5%, алюминийге 1%-ға төмендеуі тіркелді.
Өндірушілер бағасының қара бидай ұнына - 21,2%, бидай ұнына - 12,8%, күрішке - 13,7%, жармаларға - 10,2%, макарон өнімдеріне - 9,5%, мал етіне - 5,3%, нанға - 5,2%, шайға - 4%-ға, өсімдік майына және сүт өнімдеріне - 2,4%-дан, балыққа 1,7%-ға жоғарылауы, олардың құс етіне 2,9%-ға төмендеуі байқалды.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024