
Алматы. 24 наурыз. 7kun.kz – Еуропалық қайта құру және даму банкі Шардара су электростанциясын жаңғырту үшін 25 млрд теңге инвестиция салады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ұлттық қорының баспасөз қызметі хабарлады.
Қайта жаңғыртудан кейін Шардара су электростанциясының қуаттылығы 126 МВт-қа дейін өседі.
«2010 жылы жалпы электроэнергия өндірісі 670,5 млн кВт/сағ құраған. Жаңғыртудан кейін, біз станция қуаттылығы 100 МВт-тан 126 МВт-қа дейін өседі деп күтіп отырмыз. СЭС жылына қосымша 57 млн кВт/сағ өндіретін болады», - деп хабарлады «Самұрық-Қазына».
Қазіргі уақыта станция 85 пайыз қажетті құралдармен жабдықталды. Гидроагрегаттар бойынша, монтажды және демонтажды жұмыстар жасалынып жатыр.