Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұшатын көлік сатып алыңыз

Ұшатын көлік сатып алыңыз

Алматы. 24 сәуір. 7kun.kz - Словакиялық AeroMobil  компаниясы ұшатын автокөлікке тапсырыс қабылдай бастады, деп хабарлайды autoreview.ru.

AeroMobil Flying Car деп аталатын ұшқыш көлік Монакодағы  Top Marques көрмесінде таныстырылған еді.  Көлік  үш моторлы, ұзындығы 5,9 метр, қанаты жайылғанда 9 метрді құрайды. Ұшуға дайындық уақыты 3 минут. Жердегі жылдамдығы сағатына 60 шақырым.  Ұшу кезінде сағатына 360 шақырым жылдамдықпен жүреді.  Жанармай багінің көлемі 90 литр, бұл 750 шақырымға жетеді.  Көліктің салмағы 960 келі. Салонға екі адам сияды. Салон әдеттегі көлік құралдарынан бөлек парашютпен жабдықталған. Ұшқыш көлікті құрастырушылар  тапсырысты биыл қабылдай бастағанымен, иелеріне 2020 жылы ғана  жеткізіп береді.   Әрі 500-ақ дана құрастырылмақ. Бағасы 1,2-1,5 млн еуро. Айта кетейік, бұл бірінші ұшқыш көлік емес. Монакодағы  Top Marques көрмесінде AeroMobil-мен бірге голландиялық PAL-V Liberty де таныстырылған болатын. 299-499 мың еуролық ұшқыш көлікті қазірдің өзінде тапсырыс беріп, сатып алуға болады.

Похожие материалы