Көптеген банк қызметкерлері қысқартылады. Бұл жөнінде Халық банктің басқарма басшысы Үміт Шаяхметова Алматыда өткен баспасөз отырысында мәлімдеді.
«Мемлекеттік келісімшарттың басым бөлігі девальвация пайызына индекстеу аясында қайта қаралмауы мүмкін. Осыған орай, біздің тұтынушыларымыз қиындықтарға ұшырайды. Халық банк жалақысы туралы айтсақ, бізде әзірге қызметкерлердің жалақысын индекстеуге қатысты еш жоспар жоқ. Біз айлық жалақыны бір жарым жылда бір рет қарастырамыз. Соңғы рет айлықтың көтерілгені 2014 жылдың 1 шілдесінде болған. Ендігі қарастыратын мезгіл - 2016 жылдың 1 қаңтары. ForteBank бойынша маған хат келді (ол жерде банк қызметкерлеріне теңге курсының өзгеруіне байланысты 15 пайызға жалақыларын көтеру туралы жазылған), бірақ солай бола тұра қаржы институты 1 мыңға жуық қызметкерді қысқартқан. Бұл Альянс Банк, Темірбанк және ForteBank-тің бірігуіне байланысты», - деп түсіндірді Үміт Шаяхметова. Үміт ханым банктерге қатысты болжамдарымен де бөлісті. «Қазір көптеген банктер штаттарын қысқарта бастайды. 2009 жылы ақпанда өткізілген девальвация кезінде банктегі қызметкерлеріміздің саны азаймаған еді. Айлығы төмен қызметкерлердің жалақылары көтеріліп, басқарма жалақысы қысқартылған болатын. Бірінші біз теңге курсы қандай болатынын бақылап, өз бюджетімізді тексеріп, содан кейін барып шешім қабылдауымыз керек», - дейді банк басшысы.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024