Экономика
«Shell» халықаралық британ-нидерланд концерні ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің бас демеушісі болуға ниетті
Shell компаниясы мен «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоятын болады деп хабарлайды ЭКСПО - 2017 сайты.
«Shell» халықаралық британ-нидерланд концерні ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің бас демеушісі болуға ниет танытып отыр. Бұл туралы «Shell» концернінің Қазақстандағы төрағасы – «Shell VP and Country Chairman in Kazakhstan» вице-президенті Дунган ван Берген «Астана ЭКСПО-2017» ҰК Басқарма төрағасы Ахметжан Есімовпен кездесу барысында айтты. «Осы уақыт аралығында 48 мемлекеттің қатысатындығын растағандығы өте жақсы нәтиже. Біз сіздердің жетістікке жететіндіктеріңізге сенеміз», - деді Дунган ван Берген. Кездесу барысында Ахметжан Есімов жоба жайлы, көрме кешенінің құрылысы жөнінде және халықаралық көрменің мән-мақсаты туралы айтып берді. Сондай-ақ, ол бүгінгі таңда 48 мемлекет пен 10 халықаралық ұйымның ЭКСПО-2017 қатысатындығын, әрі көрменің әлемдік деңгейде ерекше қызығушылық тудырып отырғандығын жеткізді. «Әлемдік танымал әрі компаниялардың бірі Cisco System-пен келісімге отырдық. Көрме ең алдымен жаһандық алаң. Бұл ретте, Shell компаниясының ЭКСПО-2017-нің бас демеушісі болуға ниет білдіргендігі өте маңызды» - деп атап өтті Ахметжан Есімов.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024