Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz – Испания мен Бельгияда болған жаппай гей-оргия маймыл шешегінің Еуропада кең тарауының басты себебі болуы мүмкін. ДДСҰ-ның төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінің бұрынғы басшысы Дэвид Хейман осылай мәлімдеді. Бұл туралы NR арнасы жазды.
Испания үкіметі Канар аралдарында өткен, 80 мың ЛГБТ белсендісі қатысқан гей-прайдтың, Мадрид сауналарында болған гей-оргияның шешек індетінің тарауына қатысы бар-жоғын тексеруге кіріскен.
Хейманның айтуынша, жаздағы жаппай көңіл көтеру кештері ауру таралуы үшін қауіпті. Маймыл шешегін жұқтыру 10%-ға дейін өлімге соқтыруы мүмкін. Алайда әзірге өлім тіркелмеген.
Маймылдан жұққан шешек ауруы қазір Еуропаның көптеген елінде анықталған. Бұл аурумен адам кемінде 21 күн ауырады, асқынған жағдайда арты өлімге соқтырады.
Тэги:
Похожие материалы
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024