Шетелден көлік алғандар отандық автомобиль зауыттарын күйретіп отыр, дейді ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
«Тауар арзан болған сайын, бәселестікке қабілеттірек келеді. Сол себепті, Жапония, АҚШ, ЕО өздерінің ішкі нарықтарын бәсекелестен қорғап бағады. Егер өнеркәсіп дамымаса, ішкі нарықты шетелдік компаниялар жаулап алады. Бәсекелестікке орын берсек, сол орынға жайғаса береді. Бұл қалыпты жағдай. Тұрғындар үшін бұл жақсы, әрине», - деді Назарбаев "Елбасымен бірге жаңа жеңістерге!" атты жастар форумында.
«Қазақстандықтар бірнеше мыңдаған арзан көлік алып, байып қалды. Келген тауарлар арзан болса да, сапалы. Мәселе басқада: олардың қазір алып алғаны, жақсы. Бірақ, осылай жасау арқылы олар біздің автомобиль, азық-түлік өнеркәсіптерін күйретеді, яғни ол жерде жұмыс істейтіндерге зияны тиеді. Сол жерлерде қызмет істейтіндер де - өздері. Жалақыларын да сол жерден алады. Егер зауыт жұмысы тоқтаса, табыс болмайды. Сәйкесінше, кейін арзан азық-түліктің өзін алуға жағдайы келмей қалады. Мәселенің екінші жағы осында. Таяқтың екі ұшы бар деген осы», - деді президент.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024