Астана. 18 қазан. 7kun.kz – 2023 жылдың 1 қырқүйегіне дейін Қазақстанға кіргізілген 300 мың шетелік жеңілдетілген тәртіппен рәсімделуі мүмкін. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Оның айтуынша, бұл үшін екі заңға өзгеріс енгізу керек.
«Бұл – Салық және Экология кодекстері. Әріптестеріміз заң жобаларын әзірлеп жатыр. Олар дайын болғанда біз құқықтық нормативтік актіні қабылдаймыз. Қазақстанда 300 мыңнан аса шетелдік көлік бар (2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін елге кіргізілген). Заң қабылданғаннан кейін жұмысты бастаймыз», – деді министр.
Шетелдік көліктерді рәсімдеу жұмыстарын бастау 2023 жылға жоспарланып отыр.
«Салық пен Экология кодекстеріне енгізілетін тиісті өзгерістерді өкілетті министрліктер дайындап жатыр. Президенттің тапсырмасы бар. 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін заң қабылданады деп жоспарланып отыр.», - деді министр.
Ол заң қабылданғаннан кейін, көліктерді қалай заңдастыруға болатыны туралы ереже шығатынын атап өтті.
Еске салайық кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев биыл күздегі Қазақстан халқына жолдауында 1 қыркүйекке дейін Қазақстанға кірген шетелдік көліктерді жеңілдетілген тәртіппен құны 200-250 мың теңгеден аспайтын сомма көлемінде рәсімдеуге тапсырма берген болатын.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024