Алматы. 24 шілде. 7kun.kz – 2018 жылдың басынан бастап қазақстандық және шетелдік компаниялар арасында 69 жоба бойынша инвестициялық келісімдерге қол қойылды, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігі.
Ведомствоның хабарлауынша, келісімшарттардың сомасы 17,1 млрд долларды құраған.
Көптеген жаңа жобаларды Қытаймен жүзеге асыру жоспарлануда. Атап айтқанда, Қытаймен - 12 жоба $ 8,4 млрд долларға, Түркиямен - 1,2 млрд долларға 9 жоба және Ұлыбританиямен - $ 3,1 млрд долларға 8 жоба.
Сонымен қатар, ірі инвесторлар арасында – Франция бар. Аталмыш ел 6 жобаға 425 млн доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, 6 жобаны 172 миллион долларға АҚШ, Германия 5 жобаға 300 миллион доллар инвестиция салады, БАӘ 5 жобаға 1,4 миллиард доллар жұмсайды, соңында көрші Ресей тек 3 жобаға қатысады және 325 миллион доллар инвестициялайды.
Жалпы алғанда, инвесторлар тау-кен және металлургия, химия және агроөнеркәсіп салаларына аса мүдделі. Ең аз қызығушылық туризм, бөлшек сауда және биотехнология салаларына болып отыр.