Алматы. 17 қаңтар. 7kun.kz – Сырт елден әкелінген автокөлікті белгіленген уақытта заңдастырмаған жағдайда қандай жаза қарастырылған? Бұл сұраққа Астана қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Елжан Чупеков жауап берді, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Шетелдік көліктерді заңдастыру – бірреттік акция. Ол биыл 23 қаңтарда басталып 1 шілдеге дейін жалғасады. Шетелдік автокөлікті талап бойынша тіркемеген жағдайда заңға сәйкес жауапкершілік қарастырылады. Еліміздегі шетелдік көліктердің дені сақтандыру полисі негізінде қолданылып жүр. Егер автомобильді белгіленген уақытта заңдастырмаған жағдайда сақтандыру полисі тоқтатылып, көлік коммуналдық автотұраққа қойылады», – деді Елжан Чупеков.
Ол бүгінде ел аумағында сақтандыру полисі арқылы жүрген 300 мыңнан астам шетелдік авткөлік бар екенін атап өтті.
Сондай-ақ оның айтуынша, шетелдік көліктерді заңдастырудың Үкімет бекіткен ережесі мен талабының бизнеске арналған автокөліктерге қатысы жоқ. Оның қатарында жүк таситын ауыр көліктер мен автобустар бар.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024