Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шетелдік компания Қашағанға қосымша $650 млн қаражат салмақ

Шетелдік компания Қашағанға қосымша $650 млн қаражат салмақ

Алматы. 5 шілде. 7kun.kz –  VitolGroup швейцариялық-нидерландылық компания Қашаған кен орнын қаржыландыру көлемін $650 млн-ға арттыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Reuters.

Басылымның ақпарат көздеріне сенсек, аталмыш мақсатта мұнай мен мұнай өнімдерін саудалайтын компания «ҚазМұнайГаз» ҰК-мен жасалған келісімді қайта қарауды көздеп отыр. Мәміле келесі аптада жасалуы мүмкін. Сонымен бірге басқа да ақпарат көздеріндегі жаңалықтарға сәйкес қаржыландыру $750 млн құрауы мүмкін.

Қосымша қаражат Vitol компаниясының Қашаған үшін жасаған алдын ала төлемінің $2,25 млрд-қа дейін өсуіне себеп болады.

2016 жылы Vitol шикізатқа айырбас ретінде Қашаған кен орнындағы ҚМГ үлесін жабу үшін $1 млрд қаражат салуға тендерді ұтып алған болатын. Кейіннен несие мөлшері $600 млн-ға арттырылды.

Похожие материалы