Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шетелдік компаниялар Қазақстанға қайтадан инвестиция салады

Шетелдік компаниялар Қазақстанға қайтадан инвестиция салады

Шетелдік 18 компания Қазақстанға қайта инвестиция салуға мүдделі. Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті деп жазады Қазақпарат.

«Қысқа мерзімді инвесторлар бізде жұмыс жасап жатыр. Біздің мақсатымыз - сол компаниялардың біздің экономикаға қайта инвестициялауына қол жеткізу. Мысалы, егер Лотте компаниясы Рахат компаниясын сатып алса, біз ол инвесторлармен жұмыс жасап, келген пайданы өз елдеріне алып кетпеу үшін, біздің елде өзге де фабрикаларды салуға жағдай жасаймыз», - деп атап өтті Ә.Исекешев Оның айтуынша, аталмыш жұмыстар ҚР Президентінің 5 институционалдық реформаның орындау мақсатында жасалуда. «Бүгінде біз 18 компаниямен жақын жылдары қайта инвестициялау бойынша уағдаластық жасадық», - деді ол. Айта кетейік, Мемлекет басшысы өзінің «100 қадам» Ұлт жоспары реформаларында экономиканың басым секторларында «зәкірлік инвесторлармен» - «Эйр Астана», «Теңіз-Шевройл», ҚТЖ локомотивтерін шығару жөніндегі зауыт үлгісі бойынша халықаралық стратегиялық серіктестермен бірлескен кәсіпорындар құру жөнінде тапсырма берген болатын.

Похожие материалы