Алматы. 10 маусым. 7kun.kz - Ресей президенті Владимир Путиннің шетелдік сапарларында оның зәрі мен нәжісін жинап жүретін арнайы мамандар жүреді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Бұл туралы арнайы зерттеу жүргізген француз журналисі Режис Жанте мен “Проект” басылымының қызметкері Михаил Рубин мәлімдеді. Зерттеу материалы Paris Match-қа жарияланды.
Журналистер мұндай ақпаратты ең алғаш 2019 жылы Путин Сауд Арабиясына барғанда білген. Өзгеше мәліметте Таяу Шығыстағы дереккөздердің бірі жеткізген. Зерттеу жүргізген журналистер Путиннің қауіпсіздік қызметі мұндай әрекетті 2017 жылы да жасап жүрген дейді. Сол жылы Ресей президенті Францияға барғанда да арнайы қызмет Путиннің қағын жинап, арнайы ыдыстарға салып Мәскеуге жіберіпті.
Арнайы чемоданға салынған затты күзет қызметі жіті бақылап, көздің қарашығындай қорғап зертханаға жеткізеді екен. Ең маңыздысы, Путин барған елдегі Ресей елшісі де мұны құпия сақтауға міндетті.
Бұл әрекеттің басты мақсаты Путиннің қағын өзге елдің зертханасына тексертпеу деп пайымдайды журналистер.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024