Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шикізат нарығындағы дағдарыс мысқа әсер етпейді - О.Новачук

Шикізат нарығындағы дағдарыс мысқа әсер етпейді - О.Новачук

Шикізат нарығындағы дағдарыс мыстың бағасына әсер етпейді, алдағы уақытта сұраныс арта түседі. Иілімді металдарға қажеттіліктің артуын Қытай қамтамасыз етеді. KAZ Minerals тобының басқарма төрағасы Олег Новачук осылай деп мәлімдеді. Оның сөзінше, жыл сайын мыс өндірісі мен сұранысы 5-6  пайызға өсіп отырады.

"Экология жағдайына байланысты 3-4 жыл ішінде 60 млн электромобиль шығару туралы бұйрық шығарған Қытайды үлгі етіп айтуға болады. Олар қазіргі көліктердің орнын алмастыруы қажет. Қарапайым қозғалтқышта ішкі жану кезінде 6,5 келі,  электромобильде 72 келі пайдаланылады. Айырмашылық осында", - деп түсіндірді О.Новачук. Оның сөзінше, мыс нарығындағы позитивті жағдайға Қытайдың 340 млн адамды көшіру туралы жоспары да себеп болмақ.

"Оңтүстік-шығыстан батысқа ауыстырады. Бұл жаңа пәтерлер мен электржелілерінің құрылысын, ал ол үлкен мөлшердегі мыстың пайдалануын білдіреді. Менің ойымша, алдағы он жылдықта темір рудасына деген сұраныс азая түседі. Ол Қытайда көп. Мұнай да азаюы мүмкін. Бірақ  мыс бағасының төмендеуіне сенбеймін", -деді О.Новачук. "Бір тонна өндіру үшін бізге екі есе кен шығару қажет. Сондықтан мыстың перспективасы жоғары. Бізге 2015, 2016 жылдарды өткеру қажет, 2017 жылы жаңа бетбұрыс кезеңі болады", - деп атап өтті.

 

Похожие материалы