Астана. 15 тамыз. 7kun.kz - Қазақстандағы жұмыссыздық шілде айында өзгерген жоқ, мамыр айындағыдай 4,9% деңгейінде қалды, бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі хабарлады.
Статистикалық мәліметтер бойынша шілдедегі жұмыссыздар саны 437 мың адамды құрады. Жұмыспен қамту орталықтарына шілде айында жұмыссыз ретінде 96,4 мың адам тіркелген. Бұл елдегі экономикалық белсенді тұрғындардың 1,1%.