Шілдеде Қазақстанда екі облыста құрғақшылық пен сегіз облыста жауын-шашын тапшылығы болжануда
Қазақстан. 8 шілде. 7kun.kz – Шілде айында Қазақстанда екі облыста құрғақшылық пен сегіз облыста жауын-шашын тапшылығы болжануда. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.
«Қызылорда облысының Қармақшы ауданында және Маңғыстау облысының Қарақия ауданында құрғақшылық болады деп болжануда», – делінген хабарламада.
Ақмола облысының Қорғалжын ауданында, Ақтөбе облысының Әйтеке би, Хромтау аудандарында, Алматы облысының Алакөл ауданында, Қарағанды облысының Нұрын және Қарқаралы аудандарында, Қостанай облысының Амангелді, Жәңгілді аудандарында, Маңғыстау облысының Бейнеуде және Маңғыстау аудандарында, Семей қаласының маңы мен Абай облысында және Қызылорда облысының басым бөлігінде жауын-шашын тапшылығы күтіледі.
«Қазақстанның қалған аумағында ылғалдылық көрсеткіші қалыпты болады, ал Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тіпті жоғары болады», - деді синоптиктер.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024