Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шпекбаев: Әлеуметтік желідегі хабарламаларды қарастыруды өз бақылауыма аламын

Шпекбаев: Әлеуметтік желідегі хабарламаларды қарастыруды өз бақылауыма аламын

Алматы. 4 қаңтар. 7kun.kz – Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев агенттік қызметкерлерінің этика және заңды бұзушылықтар туралы өтініштерін қарастыруды жеке бақылауға ниеттеніп отыр. Бұл туралы Алик Шпекбаев Facebook-те өзінің ресми парағында жазған.

Агенттік басшысының айтуынша, 5 күн ішінде әлеуметтік желіде оның парақшасына 2 мыңнан астам пайдаланушы тіркеліп, 100-ден астам хат жазылған.

«Мен ойлағандай, ұсыныстардың көпшілігі нақты сипатқа ие. Сонымен қатар, олар біздің агенттіктің қызметіне ғана қатысты емес. Әрине, олардың кейбіреулері қосымша зерттеуді талап етеді, біздің мамандар қазірдің өзінде осымен айналысып жатыр. Сондай-ақ, менің жеке өтініштерге дереу жауап беруге мүмкіндігім бар. Зерттеу нәтижелері назарларыңызға ұсынылатын болады. Әсіресе, автордың агенттік қызметкерлерінің заңнама мен этикалық нормалардың бұзылуына жол бермеу туралы мәселесі көтерілген хаттың астын ерекше сызып көрсетер едім. Осындай шағымдарды қарастыруды өзімнің жеке бақылауыма аламын», - деп жазды Алик Шпекбаев.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының төрағасы Қазақстан халқына өте жауапты болуды және кім, қайда, қашан, қандай жағдайда деген сұрақтарға жауап бере отырып, нақты жағдайларды баяндауын сұрады.

Похожие материалы