ШҚО. 22 маусым. 7kun.kz – Шығыс Қазақстан облысында «Бақты» бекетіндегі кедендік бақылау қызметкерлері бір реттік темекіге арналған 10000 капсуланы тәркіледі, деп хабарлайды 7kun.kz.
Алматы облысының кәсіпкері оны сату мақсатында тауарды таңбалаусыз тасымалдағаны анықталды. Салмағы 70 келі болатын өнім 60 мың теңгеге бағаланды. Электрондық темекіге арналған капсулалардың иесі жауапкершіліктен жалтарған, сол себепті тәркіленген тауарлар қоқыс полигонына апарылып, жойылды.
«Бұл тауарлардың адам денсаулығына зияны көп. Комиссияның шешімі бойынша біз бұл өнімдердің нарыққа түспеуі үшін толығымен көзін жойдық», – деді Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ержан Кітанов.
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





