Экономика
ШҚО-да көліктен шыға алмаған зейнеткер суға батты– такси жүргізушісі сотталуы мүмкін
ШҚО. 13 желтоқсан. 7kun.kz – Бұқтырма су қоймасында болған қайғылы оқиғадан кейін такси жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды 7kun.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
6 желтоқсанда Мерседес» көлігін мінген адамдар кешке «Қызыл ту» өткелі маңында Бұқтырманы кесіп өтпекші болған. Бірақ жұқа мұз жарылып кеткен. Салонда бес адам болған. 72 жастағы зейнеткер әйел көліктен шығып үлгермеген.
Полицейлердің мәліметінше, көлік жүргізушісі паромды күтпей, мұздың үстімен жүрген. Мұз жарылып кетіп, такси жүргізуші мен үш жолаушы көліктен шығып үлгерген. Ал зейнеткер әйел суға батып кеткен.
Қазір Қылмыстық кодекстің 104-бабы (Абайсызда қазаға ұшырату) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024