Шығыс Қазақстан облысы. 14 тамыз. 7kun.kz – Риддер қаласының прокуратурасы жалған диплом берудің үш фактісін анықтады, деп хабарлайды 7kun.kz. infor.kz-ке сілтеме жасап.
Басылым жазуынша, «Водоканал» ШЖҚ МКК директор қызметіне, «Риддер қаласының мәдениет сарайы» МҚКК бас есепші қызметіне , «Риддер қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ статист қызметіне жұмысқа қабылдау туралы өтініш ұсынған кезде білімі туралы жалған құжаттар берілген».
Білім беру ұйымдары бұл құжаттарды иелеріне ұсыну фактісін растаған жоқ.
Аталған фактілер Риддер қаласы прокуратурасының ақпараттарды есепке алу кітабына тіркеліп, материалдар Риддер қаласы бойынша полиция бөлімшесіне жолданды.
Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабының 3-бөлігі, яғни көрінеу жалған құжатты пайдалану әрекеті бойынша сотқа дейінгі 3 тергеу жүргізілуде. Қылмыстық істер Риддер қаласындағы полиция бөлімімен қаралуда.
Похожие материалы
Отбасы банк увеличил максимальную сумму по своей самой популярной ипотеке
- 02 желтоқсан, 2025
Кредиты бизнесу могут измениться в Казахстане: банки получат новые льготы
- 01 желтоқсан, 2025





