Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ШҚО-да жоғалған 12 жастағы бала табылды

ШҚО-да жоғалған 12 жастағы бала табылды

ШҚО. 15 тамыз. 7kun.kz – Өскемен қаласында із-түзсіз жоғалып кеткен бала табылды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Бала шұңқырға құлап кетіп, шыға алмай қалған. Оны полиция қызметкері Тілек Ерлібеков тапты.

«Іздестіру шаралары барысында 12 жастағы бала ТМК көпірінің маңындағы шұңқырдан табылды. Қазір оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Содан кейін ол ата-анасына беріледі», – деді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

«102» арнасына хабарласқан азамат 14 тамызда түнгі сағат 02:30 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен аутизмге шалдыққан баласының табылмай жатқанын айтқан. Оны іздеуге полиция қызметкерлері, құтқарушылар, кинологтар, ҚР Ұлттық ұланы сарбаздары мен волонтерлер жұмылдырылды.

Похожие материалы