Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ШҚО-да жылқыға соғылған көлік жүргізушісі қаза болды

ШҚО-да жылқыға соғылған көлік жүргізушісі қаза болды

ШҚО. 12 қыркүйек. 7kun.kz – Өскемен-Алматы тас жолының 18 шақырымында Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі жылқыны соғып, көз жұмды, деп хабарлайды 7kun.kz.

42 жастағы жүргізуші алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, ал көлікте отырған жолаушы ер адам әртүрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жатқызылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады.

Похожие материалы