Шығыс Қазақстан облысында 127 әлеуметтік нысанның құрылысын аяқтау үшін 2 миллиард теңге бөлінетін болды. Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді деп ШҚО Ақпараттық орталығына сілтеме жасап, Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.
Өскемен қаласы бойынша жұмыс сапары барысында Даниал Ахметов "Самұрық-Қазына" Жылжымайтын мүлік қоры" АҚ тұрғызып жатқан коммерциялық кеңселерге ие көпқабатты тоғыз тұрғын үйді, облыстық қан орталығын, сауықтыру орталығын және облыстық драма театрын аралап көрді. Жоспарға сәйкес, қан орталығы осы жылдың 1 сәуірінде, драма театры 1 мамырда пайдалануға берілмек.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында жаңа құрылыстардың қарқынын азайтуды, бірақ әлеуметтік салада басталған құрылыстарды аяқтауды тапсырған еді. Осыған орай Даниал Ахметов өңірде әлдеқашан басталып қойған мектептер, медициналық мекемелер мен балабақшалардың құрылысын жылдам аяқтау керектігін айтты.
"Біздің облысымызда барлығы 127 әлеуметтік нысанның құрылысы жүріп жатыр. Олардың кейбіріне жабдықтар алуға қаражат жетпейді, кейбірінен құрылыс кемшіліктері анықталды. Биыл біз оларды міндетті түрде пайдалануға беруіміз керек, сондықтан қосымша қаржы бөлуге мәжбүрміз. Оның бәріне облыс бюджетінен 2 миллиард теңге бөлінеді. Бұл қаражат жетуі керек. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша біз мемлекет қаржысын тиімді пайдалануымыз қажет", - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024