Шығыс Қазақстан облысында құны 1,9 млрд еуро Қытай мен Ресейді жалғайтын темір жол салынады деп хабарлады облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жетекшісі Қуат Тұмабаев.
"Облыстың географиялық орналасуы бұл аймақтың ҚХР мен Ресей Федерациясы арасындағы сауда қатынастарын дамытудың көпірі болуына мүмкіндік береді. Осы мақсатта Зырян-Майқапшағай темір жол желісін салу жобасы әзірленді", - деп мәлімдеді Қ.Тұмабаев.
Оның айтуынша, темір жолдың ұзындығы 461 км болады. Жобаның құны - 1,9 млрд еуро. Жобаны концессия негізінде 30 жылда іске асыру жоспарланып отыр.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024