Өткен аптада мемлекет басшысы азиялық тур жасап, біз үшін маңызға ие Иран, Түркия және Өзбекстан елдеріне барып қайтты. Стамбулда түрік президентімен екі күндік келіссөздерден бөлек, Исламдық серіктестік ұйымының (ИСҰ) саммитіне қатысты.
Осы келіссөздерді қадағалап отырып, сыртқы аренадан мықтан тұрып орын алған көпвекторлы саясатымыз бірвекторлы саясатқа ауысып кетпеді ме деген заңды сұрақ туындауы мүмкін. Бұл сұраққа жауап беру үшін президент сапарларына талдау жасап қана қоймай, оның географиялық маршрутына кеңірек қарау қажет. Сонда бұл шығыстық саяхаттың батыстық саяхаттың жалғасы екендігін түсінуге болады. Еске салсақ, осыған дейін Н.Назарбаев Брюссельде ЕО басшысымен келіссөздер жүргізіп, Вашингтонда антиядорлық саммитке қатысып, саяхатын Кубамен аяқтаған еді.Көпвекторлылық қайда?
Азиялық сапар солтүстік-атланталықтан кейін ғана болған жоқ,талқыланған сұрақтар мен форматы бойынша да ұқсас болды. Вашингтондағы саммит кезінде мемлекет басшысы "Бейбітшілік. XXI век" атты манифест жариялап, АҚШ-пен біріге отырып, ядролық қауіпсіздік және оның ары таралмауы туралы өзара келісімге келді. Ал Стамбулда Эрдоғанмен бірге исламдық бейбітшілікке қолжеткізу туралы декларация қабылдап, ИСҰ саммитінде өзге де ұсыныстарын мәлімдеді. Стамбулдан Вашингтонға дейінгі аралықта қазақстандық бейбіт жобаларды жүзеге асыру идеялары айтылып келеді. Дегенмен, сыртқы саясаттағы ұстанымдарымыз өзгерді деп айтуға себеп жоқ. Көпвекторлылық барлық орталықтарға бірдей назар аударуды қажет етеді. Сондықтан батыстық көшбасшыларымен кездесуден кейін Ресей, Қытай, түрік елдері, Таяу Шығыс және ТМД-дағы көршілермен келіссөздер жүргізіледі. Бұл ұстаным ұзақ жылдар бойы жалғасып келеді. Айта кету керек, Вашингтон алаңында Н.Назарбаев Си Цзинпинмен кездесіп, батыс пен шығыс сапарлары арасында Владимир Путинмен екі рет телефонмен сөйлесті. Көпвекторлылық жоғалмауының тағы бір дәлелі. Дегенмен, қазіргі жағдайда оны сақтап қалу қиынға соғып бар жатқаны рас. Бір бағыттағы сыртқы саяси белсенділікті арттыра салса, барлық бағыттағы қадамдарды қайта жаңалауға тура келеді.Ирандық бағыт
Егер экономика туралы айтар болсақ, Иранмен жүргізілген келіссөздерге назар аудару қажет. Санкцияға дейін де ол Азиядағы көлемі жөнінен бесінші сауда әріптесіміз болған еді, ирандық санкция кері шегерілгеннен кейін сауда көлемін арттыра түсуге мүмкіндігіміз тіпті көбейді. Өткен жылы бұл көрсеткіш 636 млн долларды құраған. Атап өту керек, Иранға баратын қазақстандық экспорт (566 млн доллар) импорттан (70 млн доллар) 8 есе көп. Тіпті өзара сауда серіктестігіне қатысты ақпараттық кампания өте сауатты жүргізілді. Санкция кері шегерілгенге дейін үкімет Иранда бізді үлкен перспектива күтіп тұрғандығы жөнінде мәлімдемелер жасалды. Осыдан кейін бизнес-делегация өкілдері жіберіліп, барынша көбірек сфераларда әріптестік орнатуға тырысты. Президенттің Иранға сарапы барысында нақты құжаттар туралы болжам жасалынған еді. Дегенмен, олар күткендегіден аз болды. Негізінен, орталық билік пен мемлекеттік компанилар арасында меморандумдар, келіссөз бағдарламаларына қол қойылды. Ең маңызды дегендерінен "ҚТЖ Экспресс" пен ирандық IRISL кеме компаниясы арасындағы келіссөзді айтуға болады. Ал, кейінірек, қазақстандық-ирандық іскерлік кеңестің аясында жалпы құны 1 млрд доллар болатын 50 келісімге қол қойылғандығы хабарланды. Бірақ ол жерде де алдын-ала келіссөздер туралы жазылған. Сондықтан ақпараттық кампания қаншалықты шулы болды дегенмен де, ирандық сапардың нәтижелері көңіл көншіте қоймайды. Ирандық жаңғақ жоспарлағаннан да қатты болып шықты. Санкцияны кері шегеру процесі әлі де жүріп жатыр, ол жерде бизнес жүргізу қиын болады. Алдағы уақытта бұл бағыттан да табысты нәтиже күте қоюдың қажет жоқ. Бірақ бір анығы, сыртқы саясаттағы тәрізді бұл елге қатысты экономикалық бағытымыз өзгере қоймайды. Дереккөз: Forbes.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024