
Алматы. 30 шілде. 7kun.kz – Шығыс Қазақстан облысында 3,8 млрд теңгеге табиғи тасты өндіру және қайта өңдеу зауытын салу жоспарлануда. Бұл туралы өңірлік индустриялық-инновациялық даму басқармасынан хабарлады.
«Табиғи тасты өндіру және қайта өңдеу, сондай-ақ қаптау және сәулет-құрылыс бұйымдарын өндіру бойынша зауыт салу жобасы инвесторларды тарту және өндірісті жаңғырту үшін қаржыландыру көздерін іздеу сатысында», - деп түсіндірді ведомствода.
Жаңа нысанды Курчатов қаласында салу жоспарлануда. Бизнес-жоспарға сәйкес, оны жүзеге асыру 3,79 млрд теңгеге бағаланып отыр. Кәсіпорын слябтар, жылтыратылған, қаптауға арналған плиталар, мемориалдық бұйымдар өндірісін жолға қойғысы келеді. Оның қуаты жылына 400-500 мың шаршы метрді құрайды.
Дайын өнімді тек қазақстандық нарыққа ғана емес, сондай-ақ жақын шетелдерге де жеткізетін болады. Жұмыспен 90 адамды қамтамасыз еткісі келеді.
Тэги:
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025