Алматы. 4 наурыз. 7kun.kz – 3 наурызда "Шымбұлақ" тау курортында ерлер мен әйелдер арасындағы фристайл бойынша FIS Әлем Кубогының финалдық кезеңі аяқталды.
Жарыс күнінің қорытындысы бойынша қазақстандық могулшы Юлия Галышева трассадан 23.92 секундта өтіп, 79.69 ұпай жинады. Осылайша, ол әйелдер арасында жеке могул жарысы бойынша алтын медальмен марапатталды.
Екінші жарыс күні FIS өкілдері мен техникалық делегаттың шешімі бойынша параллельді могул бойынша жарыстар тығыз тұманның және қар жаууына байланысты және трассаның нашар көрінуіне байланысты тоқтатылды.
"Кеше тамаша ауа райы мен жарыс күні болды, ал бүгін ауа райы түзетулерін енгізді, сондықтан бізде табиғатпен есеп - 1:1. Ұйымдастырушылар дайын болды, барлығы жақсы болды. Маусым чемпиондарына – Перрин Лаффон мен Микаэль Кингсбериге осы маусымдағы күш-жігері үшін алғыс айтқым келеді және Юлия Галышеваны Қазақстан құрамасының алтыны үшін ерекше құттықтаймын! Алдағы жылы Алматыға қайта оралуды асыға күтеміз", - деп хабарлады «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортында өткен баспасөз мәслихатында Халықаралық шаңғы федерациясының (FIS) рейс-директоры Конрад Ротермунд.
FIS Әлем кубогының 2018/2019 маусымының барлық жарыстарының нәтижелері бойынша Франция спортшысы Перрин Лаффон көшбасшы атанды, әлемдік рейтингте екінші орынға америкалық Джелин Кауф (570 ұпай) орналасты, ал жалпы есепте үшінші орынды австралиялық Джакара Энтони 545 ұпаймен иеленді.
Ерлер арасындағы әлемдік рейтингте Канаданың спортшысы Микаэль Кингсбери 825 баллмен бірінші орынды иеленді. Жалпы есепте екінші орында – Жапониялық Икума Хорисима, могул сайысы бойынша жеке жарыс жеңімпазы 517 балл жинады. Ал француз спортшысы Бенжамин Каве 470 баллмен 3 орынға тұрақтады.
FIS Әлем Кубогының финалдық кезеңінің қорытындысы бойынша жылдың жаңа ойыншысы: Ресей спортшысы Анастасия Смирнова және Оскар Элофссон (Швеция). Командалық есепте бірінші сатыға Канада құрамасы орналасты, олар Ұлттар кубогын алды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024