Шымкент қаласында Әлеуметтік жалгерлік тұрғын үй бағдарламасы бойынша жаңа пәтерлердің кілттерін табыстау жөніндегі іс-шара болып өтті деп хабарлайды "Бәйтерек" холдингінің баспасөз қызметі.
Шымкент қаласы бойынша бағдарлама қатысушыларына осы жылдың мамыр айының аяғына дейін берілуі жоспарланған пәтерлердің жалпы саны - 1080, олардың 50%-ы 35 жасқа дейінгі жас отбасылар арасында таратылады, ал қалғаны бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, мемлекеттік қызметкерлерге, көп балалы отбасыларға, мүгедек балалары бар отбасыларға, ата-ана қамқорлығысыз қалған жетім балаларға, толық емес отбасыларға, оралмандар мен әскери қызметкерлерге беріледі. Осылардың бәрі жергілікті атқарушы органдардың тізімдеріне сәйкес төлем қабілеттілігін растау үшін Қазақстан ипотекалық компаниясына бағытталды.
Бағдарлама аясында аумағы 32 және 69 шаршы метр аралығындағы 1, 2, 3 бөлмелі пәтерлер берілді. Бұл түрғын үй кешені қаланың жаңа әкімшілік орталығында орналасқан, құрамында 15 үй немесе жалпы аумағы 56,2 шаршы метр 1080 пәтер бар.
Тұрғын үй кешенін "Бәйтерек" холдингінің үлестес құрылымы "Қазақстан ипотекалық компаниясы" ИҰ" АҚ салған.
20 жылда осы пәтерлерді сатып алу үшін жалға алу бойынша ай сайынғы төлем 1 бөлмелі пәтер үшін 21 мың теңге, 2 бөлмелі пәтер үшін 35 мың теңге және үш бөлмелі пәтер үшін 46 мың теңге болады.
"Бәйтерек" ҰБК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Алина Алдамбергеннің айтуынша, 2015 жылы "Бәйтерек" холдингі жергілікті атқарушы органдарында кезекте тұрған адамдар үшін шамемен 487 шаршы метр жалгерлік түрғын үйді салып, ұсынуды жоспарлап отыр. Бұл 9 740 пәтер.
Жалпы 5 жыл ішінде Бағдарламаны іске асыру кезінде 1 483 мың шаршы метр жалгерлік тұрғын үйді ұсыну жоспары бар. Бұл шамамен 29 мың пәтер.
Бұған дейін Қолжетімді баспана-2020 бағдарламасы бойынша Ақтауда 400 отбасы пәтерлі болғандығын жазған едік.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024