Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ОҚО прокуроры: Шымкент полицейлері жұмыс уақытында той тойлап кетеді

ОҚО прокуроры: Шымкент полицейлері жұмыс уақытында той тойлап кетеді

Шымкент. 18 сәуір. 7kun.kz - Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы жанындағы үйлестіру кеңесінің отырысында облыс прокуроры Ибраһим Иманов Шымкент қалалық Жергілікті полиция қызметінің жұмысын қатты сынға алды. Бұл туралы inform.kz хабарлады.

Өңір прокурорының сөзінше қоғамдық тәртіпті күзетуі тиіс сақшылар жұмыс уақытында той тойлап, тас жолдарда күнкөріс қамын жасап кеткен. Құқық қорғау органдары басшылары мен мәслихат депутаттары қатысқан жиында Ибраһим Иманов облыстағы  қылмыстың басым көпшілігі Шымкент қаласында орын алатынын атап өтті.

[caption id="attachment_67796" align="alignnone" width="1000"] Фото: the-steppe[/caption]

«Тонаудың - 77, бұзақылықтың - 55, қоғамдық орындарда қылмыстың -72, алаяқтықтың-75 пайызы Шымкент қаласында тіркелген. Ал, жергілікті полиция қызметкерлері көзбояушылық жасап жүр. Соны сезгеннен кейін біз оларды тексеру шараларын жүргіздік», - деп атап өтті ол.

«Анықтағанымыз, таңертең шығады, мәшинені мінеді, жанармай құюлы, погоны бар. Сөйтеді да, той тойлап кетеді. Қит етсе болды, үлкен жолға шығады. Түнде жіберсең, олар барады да, түгел құралдарын алады. Видеотіркегішін өшіреді. Оларды бақылайтын құралдарын өшіреді, әдіс тауып алған. Содан үйлеріне барып жатып ұйықтайды. Ондай мысалдар жетерлік», - деді облыс прокуроры.

Кеңесте сондай-ақ полиция қызметкерлерінің санын көбейткенше, бейне бақылау камераларын арттыру қажеттігі сөз болды. «Мәселен, қызметкерлердің 70 пайызы жұмысынан ауытқып кетеді. Ал Жергілікті полиция бастығы болса жұмыс істеудің орнына өзін жарнамалаумен айналысады. Ол мыңдаған адамды көшеге (жұмысқа) шығарып жібереді. Олардың не істеп келгенін бір құдай біледі. Міне мәселенің бәрі осында», - деді И.Иманов. Жиында полицейлерді қадағалауды босаңсытып алған басшыларды қызметінен алып тастау мәселесі айтылды. Үйлестіру кеңесінде прокурорлар сондай-ақ ауылдық жерлердегі тәртіп сақшыларының да мәселесін талқыға салды. Себебі, облыс бойынша 2 800 полиция бар болғанымен ауылдық жерлерде қылмыстың 80 пайызы ашылмаған. Сондықтан қылмыс саны өршіп тұрған аудандар мен аймақтар бұдан былай  әуеден  бақылауға алынбақ. Ол үшін квадракоптер қолданылады.

Похожие материалы