Алматы. 5 желтоқсан. 7kun.kz — Долларды "таза" сатудың ең үлкен көлемі елдің басты мегаполистерінің үштігіне тиесілі. Шымкент елорданы осы көрсеткіш бойынша басып озды. Бірінші орында Алматы, - деп хабарлайды Ranking.kz.
2018 жылдың қазанында АҚШ долларын нетто-сату 120,8 млрд теңгені құрады, бұл осы жылдың қыркүйегіне қарағанда 39,5% - ға аз. АҚШ долларын нетто-сату көлемінің қысқаруы екі ай қатарынан жүріп жатыр.
Үш айдың нәтижесінде, ҚР-ның барлық өңірлерінде айырбастау пункттерінің нетто-сатылымы оң көрсеткіш көрсеткен. Алайда, қазан айында Түркістан облысында (-560,3 млн теңге) теріс нәтиже тіркелген.
Әдеттегідей, Алматы сату көлемі бойынша көш бастап тұр (49,7 млрд теңге, бұл өткен айға қарағанда 25,6% - ға аз). Екінші орынға Шымкент (20,4 млрд теңге) орналасты, ол Астананы үшінші орынға (14,3 млрд теңге) ығыстырды. Шымкентте нетто-сату көлемі бір ай ішінде 19,2%- ға, Астанада бірден 60% - ға қысқарды.
Ал, АҚШ долларының ресми айырбастың 2018 жылдың қазанда орташа бағамы 367,2 теңгені құрады. Бұл өткен жылғы қазанға қарағанда 0,1 теңгеге төмен, бірақ 8,9% жоғары.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024