Шымкент. 13 шілде. 7kun.kz – Шымкенттік кәсіпкер шартты түрде бес жылға бас бостандығынан айырылды. Ол мемлекеттік бағдарлама бойынша асыл тұқымды қой сатып аламын деп уәде беріп, оны орындамаған, деп хабарлайды 7kun.kz otyrar-ға сілтеме жасап.
Қаржы мониторингі агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы бойынша бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.
2020 жылы облыс тұрғыны 2 шаруа қожалығының сенімхатымен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөліміне асыл тұқымды қой сатып алу және 13,5 млн теңге жемшөп шығынын өтеу туралы өтініш жолдаған.
Іс жүзінде ешкім қой сатып алмаған, ел бюджетінен түскен қаржы жеке қажеттіліктеріне жұмсалған болып шықты. Кәсіпкер келтірілген шығынды өтеді, бірақ жазадан құтыла алмады. Сот ер адамды бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024