Нұр-Сұлтан. 7 қыркүйек. 7kun.kz – Шымкентте мектеп компьютерлерін жөндейтін маман 200-ден астам ноутбукті ломбардқа өткізіп жіберген. Ал ақшасын букмекерлік кеңседе ұтылып қалған, деп хабарлайды 7kun.kz. КТК арнасына сілтеме жасап.
28 жастағы Нұркен Жайынбаев Асанбай Асқаров атындағы мектепке былтыр жұмысқа тұрған. Пандемия кезінде оқушылардың онлайн оқуына берілген құралдарды жөндеуім керек деп, оқушылардан барлық ноутбукты алып кеткен. Ол компьютерлерді «Гарант» дүкеніне барып сатып, сонымен қатар ломбардтарға өткізген.
«Ақшаны өзінің айтуынша, букмекерлік кеңеседе жұмсаған. Ойынқұмар азамат екен, кінәсін толық мойындады», – деді Шымкент қаласы әл-Фараби ауданы сотының төрағасы Еркебұлан Төлешов.
Компьютерлердің жоғалғанын мектеп директорды жабдықты түгендеу кезінде байқаған. Кінәлі азамат осы қылмысы үшін 7 жарым жылға сотталып, жалпы сомасы 35 миллион теңгеге бағаланған техникаларды қайтарып беруге міндеттелді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024