Бүгін “Airport Management Group” компаниясының Шымкент қаласына арналған жаңа мультимодальді жобасы таныстырылды. Таныстыру рәсімі облыс әкімі Асқар Мырзахметов пен “Қазақстан Даму Банкі” төрағасы Болат Жәмішевтің қатысумен өтті.
Жоба бойынша жаңа әуежай терминалының маңына теміржол және автобус стансалары, сонымен қатар көлік-логистика орталығы бой көтермек. Мұндай әуежай елімізде тұңғыш рет салынғалы отыр. Әуежай құрылысы екі кезең бойынша жүреді. Бір сағатта 600 адамға қызмет көрсететін, аумағы 18 мың шаршы метрді құрайтын жаңа жолаушылар терминалы бірінші кезең бойынша 2016-2017-жылдары пайдалануға берілмек. Екінші кезеңде салынатын терминалдың аумағы 16 мың шаршы метр болғанмен, сағатына 1200 жолаушыға қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, әуежай маңына уақытша сақтау қоймалары мен кедендік бақылау бекеттері бой көтереді. Қазақстан аумағында алғашқы болып салынатын ең ірі әуе логистикалық орталық келешекте жылына 3 миллионнан аса адамға қызмет көрсетеді және 1000 жұмыс орны ашылады деп болжануда. Естеріңізге сала кетсек, 2015-жылдың сәуір айында “Қазақстан Темір жолы” Ұлттық компаниясына еншілес “Airport Management Group” басқарушы компаниясы мен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі арасында Шымкент қаласына жаңа әуежай терминалын салу туралы меморандумға қол қойылған болатын. Жоба 164 млн долларға бағаланды. Дереккөз: kapital.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024