Шымкент. 8 тамыз. 7kun.kz – Шымкентте 11 жастағы қыз өзен үстіндегі құбырдан құлап, қайтыс болды деп хабарлайды 7kun.kz.
Қайғылы жағдай Еңбекші ауданындағы Қарабастау тұрғын алабындағы Бадам өзенінде болған. Оқиға орнына қалалық ТЖ департаментінің 10 қызметкері мен 4 техникасы жұмылдырылды.
«Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары бірнеше сағат бойы су астында іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде құтқарушы сүңгуірлер қыздың денесін тауып алып, судан шығарып, туыстарына тапсырды», – деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024