
Алматы. 9 шілде. 7kun.kz – Шымкентте Диснейлендке ұқсас ойын-сауық саябағы салынады. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов мәлімдеді.
«Бұл жоба қазір құрылуда. Бізге Непал инвесторы келді. Непал миллиардері, кеспе, ұн өнімдерін өндірумен айналысады. Ол қызығушылық танытты. Біз оған су паркі және Диснейлендке ұқсас ойын-сауық саябағын салу үшін 100 га жер бөлеміз. Қазір ол Дубайдың аквапаркін салған мамандармен бірге есеп жасап жатыр. 13 шілдеде осы инвестордың ұлы бастаған делегация күтілуде, біз бұл жобаны егжей-тегжейлі талқылайтын боламыз», - деді әкім.
Қала басшысының айтуынша, жоба Шымкент үшін үлкен маңызға ие, себебі қала «туризм қаласы ретінде дамуы керек», - деді Ғабидолла Әбдірахымов.
Естеріңізге сала кетейік, Шымкентті дамытудың кешенді жоспарын жүзеге асыруға 1 трлн 284 млрд теңге бөлінген, оның 65%-ы жеке инвесторлардан келеді.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025